O’MIR – КАСПИЙ ЖАҒАСЫНДА ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ ЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ҰШТАСУЫ
Әр элемент мұқият ойластырылған: Эко-этно қонақүй концепциясы, табиғи материалдар мен заманауи жайлылық шынайы жылулық пен табиғатпен үйлесімділік атмосферасын тудырады.
Мөлдір Каспий теңізі, жұмсақ құмды жағажай және қол тимеген табиғат — қалпыңа келіп, жан-жүйеңді жаңартуға арналған тамаша орта.
Omir Glamping – табиғат пен жайлылық тоғысқан, шабыт сыйлайтын ұмытылмас демалыс орны.
Omir Glamping Ақтау әуежайынан 62 км қашықтықта, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылқұм мекенінде орналасқан. 230 метрлік жеке жағажайы бар отель Каспий теңізінің жағасында жайлы әрі тыныш демалыс ұсынады.